Мәжіліс сайлауына Украинадан үш байқаушы келеді

Мәжіліс сайлауына Украинадан үш байқаушы келеді

Наурыздың 20-сы күні өтетін маңызды науқанды байқауға Украинадан үш өкіл келеді. Оның үшеуі де - осы елдің сайлау органының қызметкерлері. «Қазақстанға мұндағы саяси аламанның әділ әрі ашық өтуіне өз үлесімізді қосу үшін барамыз», - дейді Украина Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Охендовский.

 

Михаил ОХЕНДОВСКИЙ, УКРАИНА ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Түрлі елдегі сайлау органдары бір отбасы іспеттес. Біз халықаралық конференцияларда ұдайы кездесіп отырамыз. Қазақстандық әріптестеріміз бізді, біз оларды елдегі сайлауға жиі шақырамыз. 90-ыншы жылдардан бастап арамызда осындай байланыс орнаған. Бұл қарым-қатынас бұдан әрі де нығая түседі деген сенімдемін.

 

 

 

Сурет: www.aktobegazeti.kz