Қостанайда Наурыз мейрамына орай алғаш рет ат спорты кешені ашылады

Қостанайда Наурыз мейрамына орай алғаш рет ат спорты кешені ашылады

Қостанайда Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге арналған негізгі іс-шаралар 22 наурызда сити-орталықта өтеді. Бұл күні қала жұртшылығы үшін «Кең дала» ат спорты кешені ашылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BNews.kz.

 

Наурыз мейрамында Қостанайдың Алтынсарин көшесінде «Кең дала» кешені ашылады.

 

«Бұл күні кешен асыл тұқымды құлындарды шығарады. Қала қонақтары мен тұрғындары жылқы мен бұғыларға мініп, алтыбақан тебе алады. Халыққа ыңғайлы болуы үшін дәмхана да қарастырылған. Бұған қоса, қала орталығында алғаш рет ұлттық ойындар – аударыспақ, қой көтеру, өгіз тартыс секілді жарыстар өтеді», - деп мәлім етті Қостанай әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдин.

 

Сити-орталық сахнасында талантты жастар арасында «Наурыз – жаңа өмір» фестивалі ұйымдастырылады.

 

«Жалпы, Наурыз мейрамына орайластырылған барлық шара елдегі саяси тұрақтылықты, қоғамдағы келісім мен ұлттар арасындағы достықты нығайта түсуге бағытталған», - деп атап өтті облыстың ішкі саясаты басқармасынан.

 

 

 

Сурет: zhaikpress.kz