Гендерлік теңдікке арналған сессия басталды

Гендерлік теңдікке арналған сессия басталды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде әйелдер мәртебесі жөніндегі 60-шы сессия басталды. Күн тәртібіндегі басты тақырып – гендерлік теңдік және әйелдер құқығы. Жиынның ашылуында сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елімізде қабылданған гендерлік теңдік Стратегиясын иек етіп, жаңа бастамалар ұсынды. Қазақстандық делегацияның жобалары әйелдерді терроризмнен қорғау, мигранттардың халықаралық этикасын жасақтау сынды тақырыптарға арналған. Жалпы гендерлік саясаттың қазақстандық үлгісі өзге ел делегаттарының көңілінен шықты.  

 

Раушан СӘРСЕМБАЕВА, ҚР ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Гендерлік рейтинг бойынша біз 146 елдің ішінде 47-ші орында тұрмыз. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Яғни, 25 жылдың өзінде Қазақстан әйелдері қыруар шаруа атқарды дегенді білдіреді. 

 

Сурет: egemen.kz