Бірқатар елшілер Президентке сенім грамоталарын табыстады

Бірқатар елшілер Президентке сенім грамоталарын табыстады

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар мемлекеттің елшілері сенім грамоталарын табыс етті. Олардың қатарында Израиль, Өзбекстан, Әзірбайжан республикаларының және Таиланд корольдігінің елшілері, сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі әрі Ұйымның Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура бар.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Қызметтеріңіздегі жаңа кезең Қазақстаннан басталмақ. Сіздерді құттықтай отыра, Қазақстандағы жауапты және мәртебелі миссияларыңыз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға септігін тигізеді деп сенемін. Дипломатиялық қызметтеріңіздің жаңа кезеңі жаңа дата Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында бастап отырсыздар. Бұл тарихи тұрғыдан қысқа кезең біздің еліміз үшін ауқымды өрістердің дәуіріне айналды.

 

Сурет: today.kz