Жамбыл облысындағы шаруалар туризмнің дамуына үлес қосуда

Жамбыл облысындағы шаруалар туризмнің дамуына үлес қосуда

Жамбыл облысындағы шаруалар туризм саласына да бет бұра бастады. Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Сайранбай Дөненбаев фермасының жанынан қымыз дайындайтын цех салып сауықтыру кешенін ашты. Кәсіпкер, өлкенің таза ауасы мен жылқының сүті арқылы саяхатшылардың қызығушылығын тудырмақ. Мұнда 1 күнде 40-тан астам адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Кәсіпкер бұл жобаны келешекте 150 орынға дейін кеңейтпек ниетте.

 

Сайранбай ДӨНЕНБАЕВ, «ШӘУШЕН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Тағы да 5 гектар жерге проект жасалып жатыр. Демалыс орны есебінде. Содан кейін жазды күні бассейндер, шомылып демалу орны ғой. Атқа міну. Сол сияқты нәрселерді ұйымдастырып көрсетеміз деп жатырмыз. Халыққа қызмет жасау және бірден бір туризм болғаннан кейін табыс көзі ғой.

 

Жаз айларында мұнда 300 басқа жуық бие байлап, күніне жарты тоннаға дейін  қымыз өңдеуге болады.Тәжірибелі технологтар сұранысқа қарай ұлттық сусынның бірнеше түрін дайындайды. Негізінен тапсырыс Астана, Алматы қалаларынан көптеп түседі.

 

Базаркүл АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ, ТЕХНОЛОГ:

5 түрлі салада дайындаймыз. Жуас қымыз, асау қымыз, сүр қымыз, көбінде халықтың сұранысы бойынша дайындаймыз. Сұраныс көбінде асау қымызға қыс айларында. Ал жазда жуас қымызға сұраныс көп. Сондықтан 20 тоннаға өлшенілген қоймамыз бар. Термометрлер бар арнайы.

 

Қазір жоба құрылысының 80 пайызы аяталған. Жуырда мемлекеттің «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы 7 шақырым жерден электр желісі тартылды. Ендігі міндет – саяхатшыларды ынтықтыратын бағдарлама жасақтап, туристік салада жұмыс істейтін мамандар даярлау.

 

 


Сурет: khabar.kz