«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң күшіне енді

«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң күшіне енді

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке өтініш білдірген 600 адам байқаудан өтпей қалған. Бұл туралы Алматыда 81 мемлекеттік мекеменің басшылары бас қосқан семинар-кеңесте айтылды. Елімізде жаңа жылдан бастап Австралия және Канада тәжірибелеріне негізделген «мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң күшіне енді. Енді жас мамандар мемлекеттік қызметтің ең төменгі сатысынан бастап тәжірибе жинақтауы тиіс. Құжатқа сәйкес оларға жалақы атқарған жұмысына қарай төленеді. Жоғары лауаызымға немесе жауапты жетекші қызметіне тек қатаң іріктеуден өткендер ғана қабылданады. Бұған қоса бұрынғыдай «командалық» ауысу деген болмайды. Ал, басқарма басшысы немесе әкім басқа қызметке ауысқан жағдайда өзімен бірге баспасөз хатшысын, көмекшісі мен кеңесшісін ғана бірге алып кетуіне рұқсат. Бұл ереже сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу үшін жасалған маңызды шешім, дейді семинарға қатысушылар. Қалада жалпы 1200 адам мемлекеттік қызметте еңбек етеді.  

 

Мақсатхан АНАПИН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Және заңдар ережелерге сәйкес қазір тестілеу сұрақтары да оңайтылды. Үміткерлерге қол жетімді болсын деп. Жыл басынан 122 үміткерден 500 ден астамы жақсы тест өткізіп, 40 пайызға көтерілді. Ал 2015 жылы 28 пайыздан аспаған еді.

 

 


Сурет: www.aktobegazeti.kz