Қазақстанның бастамасымен ядролық қаруға қарсы форум өтті

Қазақстанның бастамасымен ядролық қаруға қарсы форум өтті

Нью-Йоркте Қазақстан АҚШ-пен бірлесіп ядролық қарудың таралуына қарсы форум өткізді. Оның жұмысына  Ұлыбритания мен Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану басқармасы және Атом энергиясы агенттігінің өкілдері қатысты. Пікірталас алаңына әлемнің сақа саясаткерлері мен танымал сарапшылары және халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Форумда баяндама жасаған БҰҰ-мы бас хатшысының орынбасары Ким Вон Су: "Қазақстан жойқын сынақ пен ядролық қарудан бас тартуы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосып, ядролық терроризмге де тойтарыс берді", -деп атап өтті. Сондай-ақ, наурыз айының соңында Вашингтонда өтетін 4-ші ядролық қауіпсіздік саммиті жайлы сөз болды. Ол шараға Ақ үй басшысы Барак Обаманың шақыруымен Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

 

Рэнди РАЙДЕЛ, "МЭРЛЕР БЕЙБІТ ӨМІР ҮШІН" ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 

Қазақстан БҰҰ тұрақты мүшесі ретінде ядролық қаруды таратпау тақырыбы аясында үнемі халықаралық форум өткізіп тұрады. Оның нәтижесі ретінде БҰҰ-да дербес қауымдастық құрылғанын атап айтар едім. Бұл қадам - ядролық қаруға қатысты Қазақстан ұстанымын қолдайтын елдердің қатары артып келе жатқанын көрсетеді. Ал, кей  елдер аталған мәселені абстракциялы десіп жүр. Дегенмен, Қазақстан бүкіл әлемге жойқын қарудың зардабы сан ғасырға созылатынын дәлелдеп берді.

 

Сурет: vk.com