«Астана» қаржы орталығы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кіріседі

«Астана» қаржы орталығы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кіріседі

«Астана» халықаралық қаржы орталығы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кіріседі. Бұл туралы Алматыдағы жиында орталық басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті. Оның айтуынша, «Астана» қаржы орталығын құруда қытайлық модельге басымдық берілуі мүмкін. Атап айтқанда, қазақстандық тарап Гонконг пен Шанхай қор биржаларының үздік тәжірибесіне қызығушылық білдіріп отыр.

 

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ,  «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Әрине, бұл қор биржалары біз үшін жаңа технологиялық мүмкіндігі мол  әріптестес болады. Яғни, бұл – технологиялық әлеуеті зор жаңа қаржы алаңы. Оған негізінен ең қызықты әрі  пайда табу мүмкіндігі басым ұсыныстар шығарылады.  «Самұрық» пен «Байтерек» және    жекешелендіру бағдарламасы, жалпы  сырттан  инвестиция тарту – мұның барлығы экономиканы дамытуға  негізделген. Яғни, бұл қаржы орталығы  инвестиция әкелуге  ықпал етеді.

 

 

Сурет: yvision.kz