Орталық Азия мемлекеттеріне халықаралық көші-қон ұйымы деңгейінде бірігу қажет

Орталық Азия мемлекеттеріне халықаралық көші-қон ұйымы деңгейінде бірігу қажет

Орталық Азия мемлекеттеріне Халықаралық  көші-қон ұйымы деңгейінде бірігу қажет. Астанада миграцияның әлеуметтік – экономикалық салдарын талқылаған сарапшылар осындай ойларын ортаға салды. Олардың айтуынша, ұйымның тәжірибелерін қолдана отырып, ортақ мәмілеге келу әлдеқайда оңай болмақ. Өйткені елге келген мигранттар жайлы мәлімет алмасу мәселесі әлі де  жолға қойылмай отыр.

 

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ТАЛДАУ КЕШЕНІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 

Яғни мигранттар бізге қандай мақсатпен келіп отыр. Ол туралы ешқандай мәлімет алмастан елге кіргізу өте күрделі мәселеге айналуы мүмкін. Ортақ база құру мәселесі тұрған жоқ. Бұл тұста әрбір мемлекетпен екіжақты интеграциялық мәселе.

 

Соңғы 5 жылда елімізге келетін мигранттардың саны 3 есеге артқан. Олар негізінен Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия елдерінің азаматтары.

 

Сурет: www.qazaq-alemi.kz