Қытайлық ұйымдар «Астана» ХҚО-ның акционері болуға ниет танытты

Қытайлық ұйымдар «Астана» ХҚО-ның акционері болуға ниет танытты

Қытайлықтар «Астана» халықаралық қаржы орталығының акционері болуға және жаңадан құрылатын биржада жұмыс істеуге қызығушылық танып отыр. Бұл туралы Бейжіңге ресми сапармен барған Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Қаржы орталығы биылдан бастап құрылады. Осыған қатысты Келімбетов бірқатар кездесулер өткізді. Соның ішінде, Қытай Орталық банкі құнды қағаздарды реттеу комиссиясымен, «Жібек Жолы» қоры және осындағы инвестициялық корпорациясының басшылығымен жүздесті. Сонымен қатар, сапар аясында Шанхай және Гонконг қалаларына да баруды жоспарлап отыр.

 

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

 

Бірқатар ұйымдар Астана ХҚО-ның акционері болуға және биржада жұмыс істеуге ынта білдіріп отыр. Бұл біз үшін өте маңызды. Өйткені біз жергілікті биржалармен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. Бүгінде Шанхай және Гонконг биржаларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, біз Қытайлық инвестициялық корпорациямен де әріптестік орнаттық, олар еліміздің қаржы секторына инвестиция салмақ ойлары бар.

 

Сурет: www.qazaquni.kz