Семейге «Мәңгілік ел» пойызы келді

Семейге «Мәңгілік ел» пойызы келді

«Мәңгілік Ел» пойызы Семейге де жетті. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына арнайы шыққан делегация құрамында 100-ге жуық маман бар. Қонақтарды семейліктер көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, ән мен жырдан шашу шашты. Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері, ғалымдар мен тарихшылар, дәрігерлер жергілікті халықпен бірнеше кездесулер өткізбек. Рухани тағылымды басқосулардан бөлек мамандар елдің әлеуметтік-медициналық жағдайына да көңіл бөледі. Әсіресе, медицина қызметкерлерінің ақыл-кеңесіне жүгінушілер көп болды. Семей – пойыз аялдаған 8-станса, алда әлі 26 елді мекен тұр.

 

Әміржан ӘЛПЕЙІСОВ, «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Біздің пойызымыздың құрамында барлық министрлік мамандары елге әлеуметтік мәселелерін шешсек деп келдік. Сонымен бірге «Бірлік бар жерде, тірлік бар». Қазақстанда тұратын барлық этно ұйымдардың, этнос өкілдерінің бірлігі, солардың достығы, солардың мәдениетінің дамуы, тілінің дамуы да күн тәртібіне қойылып, дөңгелек үстелдер, кездесулерді өткізіп жатырмыз.

 

Сурет: www.kazinform.kz