Қазақстан балалар алиментін өндіріп алу бойынша 32 мемлекетпен ынтымақтастық орнатпақ

Қазақстан балалар алиментін өндіріп алу бойынша 32 мемлекетпен ынтымақтастық орнатпақ

Қазақстан 32 мемлекет  және Еуропалық Одақпен алиментті өтеу мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатпақ. Сенат Комитетінде «Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын  өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Құжатта  уағдаласушы мемлекеттер арасында  өз баласына тиесілі қаражатты төлеуден  жалтарып жүргендерге қатысты бірлесе іс-қимыл қабылдау қарастырылған. Заң жобасы мақұлданса, туғанының өміріне салғырт қарайтындардан қарызды мәжбүрлі өндіріп лудың  тиімді  халықаралық шаралары қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, екі жақты келісім аясында ата-ана міндетін орындаудан қашқақтаған шетелдіктерге қатысты өтініш беру қолжетімді бола түспек, дейді мамандар.   Заң жобасы жоғарғы палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылатын болады. 

 

Эльвира ӘЗІМОВА, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Бүгінде шет мемлекеттерден алимент қарызын өтеу бойынша 1572 өтініш сот өндірісінде жатыр. Негізінен біздің елдегі Ресей азаматтарына қатысты. Біршамасы ТМД мен Балтық елдерінің сот орындаушыларынан келіп түсті. Жалпы, еліміз бойынша алимент қарызын өтеуге қатыстиы 300 мыңнан артық сот шешімі шығарылған. Заңнама қолдау тапса, берешекті өндірудің халқаралық тәртібі ендірілетін болады.  

 

Сурет: i-news.kz