«Ұлт жоспары» аясында жеке сот орындаушылары институты дамытылады

«Ұлт жоспары» аясында жеке сот орындаушылары институты дамытылады

Елімізде «Ұлт жоспары» аясында жеке сот орындаушылары институтын дамыту көзделген. Осыған орай қабылданған жаңа заңға сәйкес, пәрменді қағаздардың дені жеке сот орындаушыларға өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің көшіріп-қоныстандыру, жер телімдерін тәркілеуден басталатын міндеті біршама азайды. Ендігі үміт - жекелей әрекет етуші заңгерлерде. Келешекте сот орындаушыларының санын көбейтіп, арасында бәсекелестік орта қалыптастыру көзделген. Маңғыстау облысында, былтыр сот орындаушылардың қызметі арқасында 1 млрд 200 млн теңгеге жуық қаржы өндірілген.

 

Бақтыгүл АТАҒАЗИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 

Қазір бізде мемлекеттік сот орындаушыларды қысқарту мәселелері қарастырылып жатыр. Осы үш жылдың ішінде 70 пайызға дейін қысқартылады. Мемлекеттік сот орындаушы бюджеттен жалақы алатын болса, жеке сот орындаушы атқару құжатын орындағанда , атқару санкциясы деген бар. Үш пайыздан жиырма бес пайызға дейін қарастырылады. Сол жеке сот орындаушының жалақысы болып есептеледі.

 

Сурет: www.rbc.ru