Елбасы республикалық сайлауалды штабтың жұмысымен танысты

Елбасы республикалық сайлауалды штабтың жұмысымен танысты

Бүгін Елбасы, «Нұр  Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси  салмағы сараланған    науқан алдында Республикалық сайлауалды штабтың жұмысымен танысты. Президент жігерлі жастар, еліміздің елеулі азаматтарымен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын бағамдады.  Мемлекет басшысы бұл жерде үгіт-насихат жұмыстары, ақпараттық талдау, ұйымдастыру шараларына басымдық беріп, әр облыстағы штаб мүшелерімен жеке дара тілдесті. Президент ертең басталатын сын-сағатындағы сындарлы қадам қарапайым халық қай  партияға сенім артатындығын айшықтайтындығын айтып,   партия мүшелерінің  үгіт-насихат жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Биылғы сайлаудың тек қана мәжіліс емес, жергілікті барлық Қазақстан бойынша мәслихаттар да сайланатын болады. Сондай қиыншылығы бар. ертеңнен бастап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сондықтан мен партияның XVII съезінде айтылған барлық мәселелерді жасайтын жұмысымызды баяндаған болатынмын. Өткендегі платформамызды біз уақытынан бұрын  орындағанбыз. Бұл жолғы жариялаған платформаны уақытынан бұрын орындаймыз деп халыққа айта аламыз.

 

Президент сенімін Партия өкілдері де қуаттай түсті. Елбасына еліміздің жетекшісі саяси ұйымының өкілдері бағдарламаны жан-жақты атқаруға тас түйін дайын екендіктерін айтып, өз ойларын жеткізді.

 

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Биылғы жыл ширек ғасыр. Ресми шешім қабылданғаннан кейін 16 айма.қтық  үгіт насихат жүргізуге толық дайын.

 

Нұржан ӘЛТАЕВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Атамекен палатасы штаб жұмысына дайын. Біз 100 ден астап жқмысты жоспарлап қойдық. Халықтың пікірін тыңдамақпыз.Елімізде көптеген бизнесмендер өз ісін өрге домалатып  отыр.

 

Сурет: aktobe-life.kz