Қазақстанда тағы бір индустриалды аймақ бой көтерді

Қазақстанда тағы бір индустриалды аймақ бой көтерді

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір индустиралды аймақ ашылды. Қазығұрт ауданындағы өндіріс шоғыры енді өнімді терең өңдеумен айналысатын болады.  40 гектар жерді алып жатқан индустиралды аймаққа инфрақұрылым мемлекет есебінен тегін тартылған. Алғашқы 4 жоба мақұлданып, оның үшеуінің құрылысы жүріп жатыр.  Ол жерлерде құрғақ сүт пен тамақ өнеркәсібі өндірісіне қажет нысан салынады. Индустриалды аймақ күре жолдың бойына жақын орналасқандықтан, тасымал мәселесі де шешілген. Жалпы аймақта болашақта 10 жоба іске қосылады деп жоспарланған. Биыл көктемде тез әзірленетін тағамдар жасайтын кәсіпорын жұмыс істейтін болады. Ал жыл соңына дейін құрылыс заттарын шығаратын өндіріс орны ашылады деп межеленуде. Мұның барлығы отандық инвесторлардың есебінен жүзеге аспақ. 

 

Аян КӨШКІНБАЕВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 

Осы индустриалды аймақта органикалық тыңайтқыштар шығару өндірісі сонымен қатар жиһаз құрылыс материалдарына пена шағару жобасы іске асырылатын болады. Жалпы бұл индустриалды аймақта болашақта 500 адам жұмыспен қамтылады. Әрбір жобаға қажетті мамандықтар бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша маман даярлауға тапсырыс беріліп отыр. 

 

Сурет: azh.kz