«Мәңгілік Ел» пойызы Арқаға жетті

«Мәңгілік Ел» пойызы Арқаға жетті

Елордадан таңертең ел аралап шыққан «Мәңгілік ел» пойызы Арқа төсіне аялдады. Қарағанды жұрты құрметті қонақтарды теміржол вокзалында құшақ жая қарсы алып, ән мен жырдан шашу шашты.

 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жалпыұлттық шараның негізгі мақсаты – ауылдағы ағайынға «Мәңгілік ел» идеясын, ұлт жоспарындағы 100 нақты қадамды жеткізу, жан-жақты түсіндіру. 

 

Әміржан ӘЛПЕЙІСОВ, «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Алға қойған мақсатымыз, ең бастысы, «Мәңгілік ел» идеясымен халықты тағы бір жақынырақ таныстыру. Біз былтыр «Қазақ хандығының 550 жылдығын» тойлап, өзіміздің Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, соның тұрақтылығын, соның мәңгілігін бастап айтқан болатынбыз. Соның қосалқы нәтижесі ретінде, бұл көрнекті бір көрінісі ретінде, биыл қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл ұлы той деп айтса да болады.

 

Сурет: strategy2050.kz