Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы сауда айналымы 13 есеге артты

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы сауда айналымы 13 есеге артты

Он жыл ішінде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы сауда айналымы 13 есеге, ал Қазақстан экономикасына салынған еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есеге артты. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова  Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, елші Траян Христеамен кездесуі барысында айтты. Тараптар  өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесуде  екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың ағымдық даму қарқыны сөз болды. Мемлекеттік хатшы Еуроодақ Қазақстанның сауда және инвестициялық салалардағы басты серіктесі болып табылатынын айтты.  Кәрі құрлық  елдерімен Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 31,2 млрд долларды құрады. Бұл жалпы сыртқы сауда көлемінің 51,4 пайызына тең.

 

Траян ХРИСТЕА, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

 

Біз бұл келісімдеріміз екі жақты әріптестікті арттырады деп сенеміз. Бұл қарым-қатынастарымызға тек тың серпін беріп қана қоймай өзге де елдерге үлгі болады деп ойлаймын. Біз осылайша елдер апрасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта түсуге болатынын көрсетіп отырмыз.

 

Сурет: www.almaty.tv