Мәслихат депутаттығына 14 үміткер ұсынылды

Мәслихат депутаттығына 14 үміткер ұсынылды

Павлодар облысында қалалық және аудандық мәслихаттар сайлауына қатысуға 14 азамат тілек білдірген. Қазір кандидаттардың қойылған талапқа сәйкестігін тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, саяси науқан барысында өңірде 14 аумақтық, 216 округтік және 569 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Алдын ала есеп бойынша үміткерлерге аймақтың шамамен 450 мың азаматы дауыс береді. Облыстың аумақтық сайлау комиссиясында түсіндіру жұмыстары қолға алынып, саяси науқан уақытында қызмет ететін азаматтарды оқыту шаралары жүріп жатыр.  

 

Әлия САБЫРХАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 

Павлодар облыстық сайлау комиссияларының жұмысы бекітілген күнтізбелік жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауына кнадидаттар тіркелуде. Сонымен қатар, комиссия мүшелерін оқыту шаралары басталды. Аудандар мен қалаларда семинарлар өтуде.  Облыста биыл мәслихаттарға 206 депутат сайланады.  Қазіргі таңда 14 азамат қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына өз кандидатурасын ұсынды. 

 

Сурет: e-kyzylorda.gov.kz