Маңғыстау облысында кернді талдау зертханасы ашылды

Маңғыстау облысында кернді талдау зертханасы ашылды

Маңғыстау облысында кернді талдау зертханасы іске қосылды. Бұл күрделі геологиялық зерттеу жұмыстарын  өз елімізде жүргізуге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Себебі бұған дейін мұнай ұңғымасынан алынған тау жыныстарына жасалатын зерттеулердің барлығы шетелде жүргізіліп келген. «Бірегей нысан өте тереңде жатқан қара алтынды тиімді жолмен игеріп мұнай барлау ісіне жаңа технологиялар енгізуге жол ашады», - дейді мамандар. Сондай-ақ, кен игеруші компаниялардың зертханалық жұмыстарға жұмсалатын шығыны мен уақыты да үнемделмек. Ең озық үлгідегі қондырғылар кез-келген қиындықтағы сараптамаларды жасап, жер қойнауындағы мұнай қорын оңай анықтауға көмектеседі. Орталық мамандарының барлығы шетелде білімін шыңдап келген. Бұл жоба ҚР Энергетика министрлігі әзірлеген жол картасы аясында жүзеге асып отыр.

 

Нұрлан ШИЛАНОВ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Ірі мұнай компаниясының қолдауымен 2 млн.АҚШ доллары бөлініп, бес заманауи қондырғы сатып алынды. Енді біз шетелде жасалатын сараптамаларға тәуелді болмаймыз. Қазақстанның геологиялық барлау әлеуеті де арта түсетін болады. Негізі, Маңғыстауда мұнай игерудің өз қиындықтары бар. Кейбір кен орындарындағы мұнай өте тереңде орналасқан. Мысалы, кернді алу үшін 4 мың мерт тереңдікке дейін бұрғылауға тура келеді. Біз тау жыныстарын осы зертханада зерттеп, мұнай-газ игерудің тиімді жолдарын  тауып, өндіріске инновацияларды енгізе аламыз.

 

 

 

Сурет: www.kazpravda.kz