Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысына 23 млрд. теңге бағытталды

Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысына 23 млрд. теңге бағытталды

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қызылорда облысында жалпы алаңы 465664 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілген, - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 23524 млн. теңге салынды. Инвестицияның жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 9,9%-ды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемінің өсуі 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда Шиелі (22,4%-ға), Жаңақорған (5,2%-ға) және Арал (0,9%-ға) аудандарында, сонымен қатар Қызылорда қаласында (2,2 есеге) байқалды. 


Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына (67,0%) тиесілі.

 

 

 

Сурет: e-kyzylorda.gov.kz