БҚО-да мобилді топтар импортты бақылауға алды

БҚО-да мобилді топтар импортты бақылауға алды

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне байланысты өткен жылы үшінші елдерден төмендетілген баж салығымен әкелінетін 1347 тауар түрінің тізімі жасалған болатын. Бұл өнімдерді Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің бір-біріне экспорттауына тыйым салынған. Осыған орай Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жанынан құрылған мобильді топтар импортты қатаң бақылауға алады. Өңірде осындай 4 топ жасақталған. Оның құрамында 18 адам бар. Олар жол полициясымен бірге Самара, Саратов, Орынбор бағытына қатынайтын жүк көліктерін тексеруде. 

 

Нұрболат АБДУЛОВ, БҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты қолданылатын кедендік баждармен рәсімделген тауарлар тек қана Қазақстан республикасының аумағында пайдаланылуы тиіс. Ресей Федерациясы немесе басқа да Еуразиялық Экономикалық Одақ мемлекеттеріне шығуына тиым салынады. Мобильді топтардың жұмысы - соны бақылау. 18 қаңтардан бастап жұмыс жасап жатыр.

 

 


Сурет: zhaikpress.kz