Қырғызстанда шенеуніктер шығындары туралы да есеп беретін болды

Қырғызстанда шенеуніктер шығындары туралы да есеп беретін болды

Қырғызстан шенеуніктері енді табыстарымен қоса, шығындары туралы да есеп беретін болады. Бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін алғаш рет қолданылып отыр. Жаңа ереже биылдан бастап күшіне енді. Табыс туралы декларацияның жаңа үлгісі бойынша қырғыздың мемлекеттік қызметкерлері енді қолында бар мүлкінен өзге, үйді, көлікті және өзге де қымбат дүниелерді кімнің қаржысына және қандай бағаға сатып алғандығын қоса көрсетеді. Бұл мәліметтердің барлығы биылғы жылы сатылып алынған заттар ғана тиесілі. Тіпті, шет елде демалғандары туралы да есеп береді. Ал жалған мағлұмат бергендерге айыппұл салынады.

 

Чынара МАМЫРБАЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Мемлекеттік тіркеу мекемесі бізге тіркелген жылжымайтын мүлік туралы ақпарат береді. Сол мәліметтер аймақтық салық қызметінде салыстырудан өтеді. Егер мәліметтер нақты болмай шықса, салық төлеушінің өзіне талаптар жөнелтіледі. 

 

Шығындар туралы мағлұмдаманы бірінші кезекте парламент депутаттары, министрлер, ведомства басшылары және сот қызметкерлері тапсырады.

 

Чолпонкул АРАБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК КАДР ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ:

 

Менің ойымша осындай заң жүзеге асқан соң, мемлекеттік органға сәйкес нұсқаулық қолданылуы керек. Сондай-ақ құқық қорғау мекемелері нормативтік құқықтық акті қабылдап, соның негізінде бақылау жүргізулеріне болады. 

 

Сурет: kaz.caravan.kz