Павлодардағы өрттің себептері белгілі болды

Павлодардағы өрттің себептері белгілі болды

Павлодардағы мұнай-химия зауытында болған алапат өрттің неден шыққаны белгілі болды. Бүгін оқыс оқиғаға қатысты жүргізілген тергеу жұмыстарының қорытындысы жария етілді. Облыстық индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік департаменті мен еңбек басқармасының мамандарынан құралған арнайы комиссия 10 күн бойы тексеру жүргізген.  Нәтижесінде өрттің шығуына кәсіпорын басшылығының кінәлі екендігі анықталды. Жұмысшылар да еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған. Сондай-ақ, зауытта оттың тұтануы салдарынан жарылыстың болғаны да расталып отыр. Айта кетейік, төртінші қаңтарда, мұнай-химия зауытында өрт шығып, екі адамның өмірін жалмаған. Ал үш азаматты күйік шалған болатын. 

 

Ерқан ҚОҚҰБАЕВ, КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ:

 

Комиссия құжаттармен қатар кәсіпорындағы бейнежазбаларды да зерттеді. Көзіміз жеткендей, өндірістік процесске сұйық газ кіріп кеткен. Кейін өрт болып,  жарылыс та орын алды. Өрт кезінде жұмысшылар цехтың есігін ашуға әрекеттенді. Ал желдеткіш мүлде жұмыс істемеген. Құтқару қызметін дереу шақырмады. Бірінші кезекте кәсіпорында технологиялық үрдістердің бұзылуы анықталды.

 

Сурет: domsnov.ru