2017 жылы СҚО-да қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр

2017 жылы СҚО-да қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр

СҚО  азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорындағы 33 әлеуметтік өнімнің барлығын өзінде  шығарады. Бұл жөнінде ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі  Ерік Сұлтанов мәлімдеді. Аймақ басшысы биылдан бастап әлеуметтік себет тізіміндегі өндірістер қатарына  қант шығаратын кәсіпорын қосылатынын айтты. Инвестициялық жоба  2016 жылы бастау алады. Балшекер дайындауға толықтай жергілікті шикізат пайдаланылады. Жалпы өңірде Индустрияландыру картасының екінші 5 жылдығына 62 жоба кірістірілген. Инновациялық бастамаларды жүзеге асыру үшін  100 млрд теңге инвистиция құйылмақ. Бұл 2 мыңнан артық жаңа жұмыс орнын құруға сеп болады. Жалпы былтыр теріскейліктер сырттан  инвистиция тарту көрсеткіші бойынша елімізде көш бастаған. Шетелдік инвесторлардың үлесі 60 пайызға артқандығы байқалады.

 

Ерік СҰЛТАНОВ, СҚО ӘКІМІ:

2015 жылы облысқа 154,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. 2014 жылмен салыстырғанда сырттан қаржы  128 пайыздға артық  құйылды. Астықты өлке болғандықтан оның 30 пайызын агро өнеркәсіптік кешеннің дамуына бағыттадық. Былтыр 25 елдің бизнес қауымдастығымен келісімдер жасалды. Биыл инвистиция көлемін арттыра түсу қамында тағы бірнеше шетелдік делегаттармен келіссөздер жүргізілуде.  

 

СҚО бес жыл жұмыс істемей тұрған «Биохим» кешені қалпына келтірілуде. Өңір басшысы билогиялық этанол өндірісі 2016 жылдың желтоқсанында қайта іске қосылатынын жеткізді. Еске салайық өндірісі тоқырап, тақырға отырған кәсіпорынның 450 қызметкері тұрақты жұмысынан айрылған болатын. Ерік Сұлтанов осынын кесірінен нәпақасыз қалған әрбір адам өз орнына оралатынын айты.

 

Ерік СҰЛТАНОВ, СҚО ӘКІМІ:

Бұл кешенде Павлодар мұнай-химия зауыты мен Шымкент мұнай өңдеу зауыты үшін биоэтанол шығарылатын болады. Келесі жылдың қаңтар-ақпанында ол зауыттар  Еуро-5 және Еуро-6 бензинін өндіре бастайды. Сондай-ақ, тағы да 7-8 ілеспе өнім шығарылады. Олардың бәрі де бүгінгі нарықтың бәсекесіне қабілетті. Қазірдің өзінде сұраныс бар. Тапсырыстар көптеп түсіп жатыр.

 

СҚ өңірінде қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Бұрын соңды қолға алынбаған жобаны жүзеге асыруға  ниетті бизнесмендер бар дейді облыс әкімі. Осы арқылы жылына 60 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдық қайта өңдемек. Өндіріс  келер жылы іске қосылады деп жоспарлануда.