СҚО еліміздің аймақтары арасында сырттан инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

СҚО еліміздің аймақтары арасында сырттан инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

СҚО  азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорындағы 33 әлеуметтік өнімнің барлығын өзінде  шығарады. Бұл жөнінде ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі  Ерік Сұлтанов мәлімдеді. Аймақ басшысы биылдан бастап әлеуметтік себет тізіміндегі өндірістер қатарына  қант шығаратын кәсіпорын қосылатынын айтты. Инвестициялық жоба  2016 жылы бастау алады. Балшекер дайындауға толықтай жергілікті шикізат пайдаланылады. Жалпы өңірде Индустрияландыру картасының екінші 5 жылдығына 62 жоба кірістірілген. Инновациялық бастамаларды жүзеге асыру үшін  100 млрд теңге инвистиция құйылмақ. Бұл 2 мыңнан артық жаңа жұмыс орнын құруға сеп болады. Жалпы былтыр теріскейліктер сырттан  инвистиция тарту көрсеткіші бойынша елімізде көш бастаған. Шетелдік инвесторлардың үлесі 60 пайызға артқандығы байқалады.

 

Ерік СҰЛТАНОВ, СҚО ӘКІМІ:

2015 жылы облысқа 154,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. 2014 жылмен салыстырғанда сырттан қаржы  128 пайыздға артық  құйылды. Астықты өлке болғандықтан оның 30 пайызын агро өнеркәсіптік кешеннің дамуына бағыттадық. Былтыр 25 елдің бизнес қауымдастығымен келісімдер жасалды. Биыл инвистиция көлемін арттыра түсу қамында тағы бірнеше шетелдік делегаттармен келіссөздер жүргізілуде. 

 

 

 

Сурет: www.nur.kz