Қазақстан Халқы Ассамблеясы аясында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстан Халқы Ассамблеясы аясында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасы жүзеге асырылуда

«Үлкен ел - Үлкен отбасы»! Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бұл жобаға ерекше мән берілген. Қазақстан Халқы Ассамблеясы аясында жүзеге асырылатын жоба- халықтың ауызбіршілігін одан әрі нығайтады, - дейді - Шығыс Қазақстан облысының - Бородулиха ауданындағы этнобірлестік өкілдері. Қазір Новопокровка ауылында - 20-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 

 

Айжан АХМАДИЕВА, «АЖАР» АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

 

Біз өзімізден кейінгі жасөспірім балаларға бейбітшілік болу үшін, тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүру керек, барлық ұлттармен бірге соларға тәрбие беріп жатырмыз, көрсетіп, үйретіп. Береке-бірлік болса, алынбайтын қамал жоқ.