Атырауда 2 тоннадан астам қызыл балық өртелді

Атырауда 2 тоннадан астам қызыл балық өртелді

Атырауда екі тоннадан астам қызыл балық пен 24 келі қара уылдырық өртелді. Бұл өнімдер жыл басынан бері заңсыз балық аулаушылардан тәркіленген айғақ зат есебінде қоймаға жеткізілген.

 

Жаңа жылдан бастап тәркіленген балықтарды енді бекіре өсіру зауыттары саудаға кедергісіз шығара алады. Сонымен қатар сатып алушыларға арнайы құжаттар берілетін болды. Мамандардың айтуынша бұл қара базардағы балық саудасына да нүкте қоюуы мүмкін.

 

Ғилман СӘРСЕМӘЛИЕВ, «ЖАЙЫҚ-АТЫРАУ» БЕКІРЕ БАЛЫҒЫН ӨСІРУ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі күнге бекіре тұқымдас балықтарды сату бағасы өкілетті органдармен бекітілген. Монополияға қарсы комитеттің келісімімен мәселе шешілді. Ендігі уақытта тәркіленген балықтар заңды түрде нарыққа сатылатын болды.

 

 

 

Сурет: 24.kz