"ТОКАМАК"реакторы 2017 жылы кезінде іске қосылады

"Токамак" отандық термоядролық реакторы 2017 жылы "Экспо" көрмесі кезінде іске қосылады. Бұл туралы  Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының директоры Ерлан Батырбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, келер жылы ғалымдар құрылғыны салып бітіруге тырысады. Қазір құрылғының 80 пайызы дайын. 

 

Ерлан БАТЫРБЕКОВ, ҚР ҰЯО БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Біз барлық жұмыстарды уақытылы бітіреміз деп ойлаймын. Бұл реактор Қазақстанның адамзатқа ортақ  термоядролық мәселесін шешуге зор үлес қосады. Сондай-ақ, бұл жаңашылдық Экспо 2017 көрмесіне келушілерге біздің мүмкіндіктерімізді  паш етеді.

 

Айта кетейік, қазақстандық ғалымдардың металтану мектебі - бүкіл әлемге танымал оқу орны. Ерлан Батырбековтың айтуынша, бүгінгі күні Семей полигоны аумағының 40 пайызы зерттеліп болды. Өндірістік қалдықтарды сақтайтын алқаптарды әзірлеу үшін көп жұмыс атқарылды. Қазір бұл алаңдар жабық. Олар ауыл шаруашылығына пайдалануға берілмейді. Өйткені, онда 40 тонна қалдық көмілген.  

 

Сурет: www.time.kz