Отандық материалдар ірі құрылыста

Отандық материалдар ірі құрылыста

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің құрылысына Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан 10 миллиард теңгенің тауары жеткізілетін болды. Осы екі аймақтағы құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар, туристік ұйымдар мен ұлттық табиғи парктер Шымкентте арнайы ұйымдастырылған көрмеде өз өнімдері мен қызмет түрлерін таныстырды. Оңтүстік өңірге арнайы келген «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының  басшылығының айтуынша, Астанадағы көрме ғимараттарының құрылысы қазір әрлеу сатысына жеткен. Онда 8 мың адам жұмыс істеп жатыр. Енді құрылыс пен әрлеуге қажетті отандық материалдарға мұқтаж. Мердігер құрылыс компаниялары мен оңтүстікқазақстандық трансформатор, керамикалық плитка өндіретін, Жамбыл облысының құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындары ұлттық компания басшылығымен меморандумға қол қойды.

 

Ербол ШОРМАНОВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Біз құрылысқа өзіміздің отандық өндірушілерді тартуымыз керек. Бұл Қазақстандық мазмұнды арттырады. Мынадай қиын кезде өзіміздің компанияларға жұмыс болады.

 

Мұхтар БИТЕМІРОВ, КӘСІПКЕР:

 

Оңтүстікқазақстандық өндірушілер өзінің тауарларын ЭКСПО құрылысына материал ретінде, отделкаға пайдалануға мүмкіндік туып отыр. Бұл бізге жауапкершілік артады.

 

Сурет: karagandy.palata.kz