Подстепный ауылында тәтті тағам өндірісі іске қосылды

Подстепный ауылында тәтті тағам өндірісі іске қосылды

Батыс Қазақстан облысының Подстепный ауылында ұннан жасалатын тәтті тағам өндірісі іске қосылды. Өз ісін өрістеткісі келетін жергілікті кәсіпкер  Майра Исенованың талабы мемлекет тарапынан қолдау тапты. Ол былтыр жыл соңында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 9 миллион теңге несие алған. Теректі ауданының әкімшілігі өз кезегінде кәсіпкерге арнайы жер телімін бөліп, жобаның жүзеге асуына көмектесті. Бұрын ауыл тұрғындары отбасылық жиын-тойларын жасау үшін қалаға баруға мәжбүр болатын. Енді ауылда 150 орындық пиццерия-кафе ашылды.  Нәтижесінде, Исеновтардың отбасылық бизнесі арқасында  жергілікті 12 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. 

 

Азамат ИСЕНОВ, КӘСІПКЕР:

 

Пиццерия-кафе, пицца шығарамыз, екі-үш түрлі, «Маргарита», «Украинская» деген. Сосын тағы да басқа түрлері тағы да өнім түрлерін көбейтеміз. Әзірге осы жергілікті балабақша, мектептерге таратамыз, кішкентай балалар келеді, солар алады. Фонд поддержки «Дамудан».

 

Нұржан ҚАЛИШАНОВ, "ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

 

Бұл жобаның жалпы сомасы 10 млн теңге. Оның ішінде 90% 9 млн теңге екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылды. Және сол несиенің пайыздық үстемақысы біздің бағдарлама арқылы төмендетіліп отыр. 14 пайызбен алған несиенің 7% үкімет тарапынан субсидиялап отыр.

 

Сурет: www.m-astana.kz