«Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы» жалпыұлттық телекөпірі өтті

«Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы» жалпыұлттық телекөпірі өтті

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2015 жылдың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір өтті. Жиында мемлекет басшысы Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде 18 жаңа нысанды ресми түрде іске қосты. Олардың арасында коксты қайта өңдеу бойынша мұнай өндірісі, фармацевтика зауыты, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі, үй құрылысы комбинаты, жел электр станциясы, фосфат кенін өндіру кешені бар. Президенттің пәрменімен жұмысын бастаған кәсіпорынның бірі - Павлодар облысындағы мұнай коксын қыздыратын нысан. Ондағы тың технологияның көмегімен Павлодар мұнай-химия заводынан алынатын  шикі мұнай коксын 1250-1350°С-қа дейін қыздыру мүмкін болады. Өнімді алюминий шығаратын Қазақстан электролиз зауыты тұтынып, Қытай коксына тәуелділіктен арылады. Алдағы уақытта қыздырылған мұнай коксы Ресей  мен Қытайға  экспортталады. Сондай-ақ,  зауыт  газдан бөлінетін жылуды кәдеге  жаратып,  өз өндіріс ошағын  толық электр энергиясымен қамтитын болады. 

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Өте керек, Қазақстанда жоқ продукция шығарайын деп отырсыңдар. Жұмыскерлерге де жақсы, өздеріңе де жақсы. Поздравляю за большой подарок народу накануне дня независимости, разрешаю запустить предприятие, поздравляю всех вас, желаю здоровья, успехов.

 

Сурет: Kazinform