Кен орындарын пайдалану және барлау құқы аукционда сатылды

Кен орындарын пайдалану және барлау құқы аукционда сатылды

Қазақстанда алғаш рет кен орындарын пайдалану құқы аукционда сатылды. Бұған дейін мемлекетке қарасты болған 49 жер қойнауының 38-інің игілігін кәсіпкерлер көретін болды. Олардың әрқайсысы өз жобасына сай, кен орындары 2 ден 4 жылға дейін пайдаланады.

 

Аукционда қарағандылық Наурызбай кен орнындағы алтын өндірісі  280 млн теңгеге саудаланды. Одан кейін 240 млн теңгеге осы өңірге қарасты Мыстөбе кен орнын пайдалану құқы сатылды.  

 

Сергей БУХАНЦОВ, «ҚАЗАҚ АЛТЫН» АҚ БАС ГЕОЛОГЫ:

Біз бұрыннан алтын барлау жұмысын атқарып келеміз. Тәжірибеміз бар, қай жерде алтын барын жақсы білеміз. Мен жаңа кен орнын барлауға мүмкіндік алғаныма қуанып тұрмын.

 

Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауындағы пайдалы қазбалар қоры көп барлығы 100 шақты учаскелер тізімін бекіткен. Оның ішіндегі 27-сі қазбай байлығын өндіруге қарастырылса, 73-і бойынша арнайы деректер арқылы барлау жұмысы басталмақ. Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев кәсіпкерлердің экономикалық қиындық жағдайындағы мүмкіндігіне таңданысын жасырмады.

 

Әсет ИСЕКЕШЕВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

Қазіргі қиын жағдайда кәсіпкерлер күдіктеніп, сатып ала қоймас деп ойлағанмын. Әрі металл бағасы төмен ғой. Бірақ біздің бизнесмендер инвестиция тапты. Енді болашақта тек 40 қана емес мыңдаған кен орны шығуы тиіс, бәрі - адам қолы тимеген жаңа жер қойнаулары.

 

Алғашқы аукционда еліміздің бюджетіне 1,5 млрд теңге қаражат түсті. Бұл жерде кен орындары емес, оларды пайдалану әрі барлау құқы ғана сатылып отырғанын атап өту керек. 

 

 

Фото: kapital.kz