Қазақстандық жерсеріктердің қызметі 30% арзан

Қазақстандық жерсеріктердің қызметі 30% арзан

Әртүрлі телекоммуникациялық қызметтер көрсететін қазақстандық операторлар «KazSat-2» және «KazSat-3» отандық жерсеріктеріне белсенді түрде ауысып жатыр. Биыл аталған орталықтың құрылғанына - 10 жыл.  Негізгі нысан Ақмола облысының Ақкөл қаласында, ал қосалқы байланыс орны Алматы маңындағы Көктеректе орналасқан. Қазақстандық ғарыш аппараттары тәулік бойы осы жерден басқарылып, үнемі қадағаланып отырады. Бүгінде 14 телекоммуникациялық оператор отандық жерсеріктердің қызметін пайдаланып отыр. «KazSat-2» биыл кеткен шығынды өтеп үлгерді. Ал  үшінші жерсерік жоспарға сай 2017-ші жылы жұмсалған қаржыны толық ақтайды деген үміт бар. Оған дейін қазақстандық барлық телекоммуникациялық операторлар отандық екі спутникке ауысады. Мамандардың айтуынша, өзіміздің жерсеріктердің қызметі  шетелдікіне қарағанда 30 пайызға арзан. 

 

Бауыржан ҚҰДАБАЕВ, «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

ЭКСПО кезінде біздің қызметімізді шетелдік операторлар да пайдаланатын болады. Жақында Қытайдың «Чайна Сатком» компаниясымен кездесіп, меморандумға қол қойдық. Алдағы Пекин олимпиадасында бірге жұмыс істейміз деген ойдамыз.

 

 

Сурет: satnews.com


×