Қазақстан-Ресей полицейлері күш біріктірмек

Қазақстан-Ресей полицейлері күш біріктірмек

Қостанай өңірі мен Ресей Федерациясының Орынбор, Челябі, Қорған облыстарының полицейлері өзара іс-қимыл туралы хаттамаға қол қойды. Енді олар заңсыз тауар айналымына жол бермей, есірткі тасымалына, экстремизм мен терроризмге қарсы бірлесіп күрес жүргізеді. Қазақстан мен Ресей шекарасы 7591 шақырымға созылып жатса, соның 1250-і Қостанай облысына тиесілі. Сала мамандары бұған дейін де күш біріктіріп, халықаралық іздеуде жүрген 16 адамды қолға түсірді. Қостанай облысында ауыр қылмыс жасап, Ресей елінде бой тасалаған 7 қылмыскер де ұсталған.

 

Андрей СЕРГЕЕВ, РФ ЧЕЛЯБІ ОБЛЫСТЫҚ ІІМ БАСШЫСЫ:

 

Қазіргі таңдағы экономикалық жағдай, саяси үдерістер – өзара ынтымақтастықтың негізін анықтайды. Айталық, көші-қон мәселесі, автокөлік бизнесі, сондай-ақ қылмыстық ахуалмен күрес бірлескен іс-қимылдарға жетелейді.

 

Тілеген МӘТКЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСШЫСЫ:

 

Қостанай облыстық ішкі істер департементінің ресейлік әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуде қалыптасқан тәжірибесі бар. Егер күш біріктірмесек, біз еш нәтижесе қол жеткізе алмас едік. Тығыз байланыста жұмыс істесек, үйлестіруші топтар құрылса, ісіміз де алға жылжиды.

 

Сурет: el.kz