Еуропарламент депутаттары Елбасының бастамаларын талқылады

Еуропарламент депутаттары Елбасының бастамаларын талқылады

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Бас Ассамблея сессиясындағы баяндамасын Еуропарламент депутаты Урмас Паэт те ерекше ықыласпен тыңдады. Эстонияның бұрынғы Сыртқы істер министрін ядролық қарудан бас тарту туралы Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау жайлы бастама қызықтырды. Депутаттың пікірінше, бұл мақсатты орындау әбден мүмкін. Ол үшін  әлемдік державалар Назарбаевтың үндеуіне құлақ асуы тиіс.

 

Урмас ПАЭТ, ЕУРОПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ /ЭСТОНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ/:

Ядролық қарусыздандыруды жүзеге асыруға болады. Ол үшін  ядролық әлеуеті зор мемлекеттер мұндай қару қолдануды тоқтату керек. Барлық елдер бұл үрдісті бір мезетте бастауы тиіс. Қазақстан осы тұрғыда барлығына үлгі бола алады. 90-шы жылдары республика қолындағы ядролық қарудан мүлдем бас тартты.

 

 

Сурет: rus.err.ee