Б.Сағынтаев Германияға жұмыс сапарымен барды

Б.Сағынтаев Германияға жұмыс сапарымен барды

Бақытжан Сағынтаев  биыл осымен екінші рет Германияға жұмыс сапарымен барып,  екі жақты ынтымақтастық мәселелерді талқылап, кәсіпкерлер және инвесторлармен жүздесті. Сондай-ақ  Фраунгофер ғылыми институтының ректорымен де кездесіп, білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы сөз қылды. Халықаралық басқосудың тақырыбы: "Су және Орталық Азиядағы тату көршілік қарым-қатынастар". Елден барған өкіл Арал теңізінің жер бетінен жойылып кету қаупін айтып, су қоймасын сақтап қалу үшін атқарылып жатқан іс-шаралар туралы деректер келтірді. Сондай-ақ, Елбасы ұсынған Орталық Азиядағы су жағдайын жақсарту бастамаларын атап өтті. Конференция қатысушылары да Қазақстанның осы саладағы бастамаларын қолдайтынындықтарын жеткізді. Кездесу соңында су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы бірлескен келісімге қол қойылды.  

 

Михаэль ШЕНК, ФРАУНГОФЕР ҒЫЛЫМИ ИНСТИТУТЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

- Бұл кездесу біз үшін аса маңызды. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуды көздеп отырмыз. Қазақстанмен ғылым саласында етене қызмет етіп жатырмыз. Сіздерге жаңа технологиялар жеткізу жоспарда бар. Осы ретте біз Назарбаев университетімен логистика және инженерия саласында белсенді жұмыс атқарып келеміз

 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз Орталық Азиядағы түрлі су жобаларына қаржы салатын инвестициялық қор құру қажеттілігі туралы сөз қозғадық. Су қауіпсіздігі туралы Пакт құру қажеттілігін де талқыладық. Жалпы, біз Еуроодақтағы әріптестерімізді қызықтыратындай нақты ұсыныстар жасадық.

 

 

Сурет: www.inform.kz