Жастардың "ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындығы

Жастардың

Өскемендегі жастар ұйымының белсенділері екі жылдан кейін өтетін халықаралық "Экспо 2017" көрмесіне қызу дайындалуда. Олар облыс орталығында алғашқы эко-үй жобасын іске асырды. Бұл ғимарат толықтай жасыл экономика негізінде салынған. Жобаны жүзеге асыруға  жергілікті әкімдікпен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы да қолдау көрсетіпті. Іші кең, екі қабатты баспана тек ағаштан тұрғызылған. Үйдегі электр энергиясы, жылу тарату, су жүйесі де болашақтың технологиясына негізделген.

 

Ольга БОБРЫШЕВА,  ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ЖӘНЕ БАЛАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Электр энергиясына кететін шығын үнемделеді. Ал бір қарағанда, аумағы 300 шаршы метрді алып жатқан эко-үйді қыста жылыту бірталай проблема болып көрінгенімен,бізде ол да күн сәулесі арқылы  іске асады.

 

Күн электрстанциясы БҰҰ-на қарасты жаһандық экологиялық қор қолдауымен  2,5 миллион теңгеге сатып алынған. 24 панель 150 ватт электр қуатын береді.

 

Дәл осы ысыған су жылу және ыстық су жүйесіне түседі. Ал егер күн сәулесі аз болған жағдайда, индукциялық қазандық іске қосылады.

 

Гүлбаршын ҚАССИМАНОВА, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ:
- Осы үйден келіп көрсін,бәр жерде осы таза энергияны пайдалануға ат салыссын деп ойлаймын. Экодом өскеменге ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі халыққа пайдасын тигізеді деп ойлаймын.

 

Жастар болашақта жасыл экономика ұстанымы бойынша өскеменде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Қамқорлық үйін" және спортшыларға арналған экстрим-алаң ашуды көздеп отыр. 

 

Сурет: yvision.kz