Аймақ диқандары астықты жоғары бағамен сатудан үмітті

Аймақ диқандары астықты жоғары бағамен сатудан үмітті

Теңге бағамының өзгеруі отандық өнім өндірушілерге өте тиімді, - дейді, ақмолалық кәсіпкерлер. Олардың айтуынша, бұл жағдай қазақстандық тауарды шетелге жоғары бағада сатуға мүмкіндік береді. Зеренді ауданындағы серіктестіктер бидай экспорттаумен айналысады. Нарық заңын жақсы меңгерген шаруашылық биыл майлы дақылдардың үлесін көбейтіпті. Енді олар өнімін жоғары бағада сатудан үмітті. Серіктестік басшысы, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге мемлекет қандай жағдайда болмасын көмектесіп келе жатқанын айтады.  

 

Владимир АНДРЮХИН, КӘСІПКЕР:
- Мәселен, мемлекет біздің қарыздарымыздың 7 пайызын өз мойнына алып, қалғанын қазынаға қайтаруымызға 5 жылдан 7 жылға дейін уақыт беріп отыр. Бұл - ауылшаруашылығы кәсіпорындарына үлкен қолдау. Қазіргі жағдайда біз күтіп отырған олжа, ол – өнімдерімізді доллармен сату. Ал, банктерге деген берешектерімізді біз теңгемен өтейміз. Бұйыртса, ұтатын жеріміз осы.

 

Сурет: www.breakfrontsoftware.com