Күн сайын азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Күн сайын азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Ақтауда күн сайын азық-түлік жәрмеңкесі өткізілетін болды. Жергілікті шаруалар мен тауар өндірушілер өз өнімдерін халыққа арзан бағамен ұсынбақ. Жергілікті билік бұл шараны бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ұйымдастыруда. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі шаһар орталығындағы «Ынтымақ» алаңында өтеді. Шөлейтті Маңғыстауға азық-түліктің 80 пайызы көрші елдерден, еліміздің өзге облыстарынан тасымалданады. Сондықтан, бағаны ұстап тұру үшін жәрмеңкелерді жиі өткізудің маңызы зор, дейді жергілікті билік. Ал, «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына қарасты «Каспий-Берекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 33 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін бұрынғы бағамен сататын болды.

 

Берік БИСАЛИЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:
- Облыс бойынша 20 сауда нүктеміз бар, оның 16-ы облыс орталығы Ақтауда орналасқан. Азық-түлік бағасы өспейді, бұрынғы бағамен сатыла береді. Қоймадағы қорымыз жаңа жылға дейін жеткілікті. Қазір еліміздің бірқатар өңірлеріндегі тауар өндірушілермен жаңа келісімдер жасасудамыз. Олар отандық өнімдері бұрынғы бағамен беруге келісті.

 

Сурет: kostanaytany.kz