Бал жәрмеңкесі өтті

Бал жәрмеңкесі өтті

Семейде дәстүрлі бал жәрмеңкесі өтті. Бұл шара осымен 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Аймақ омарташылары биыл да мол өнім жинады. Сауда сөрелеріне түскен арзан балдың түр-түрін қалалықтар әп-сәтте тауысты. Жәрмеңкені жергілікті өнер ұжымдары қыздыра түсті. Олар ән салып, тұтынушылардың көңілін көтерді. Жалпы, семейлік омарташылар жыл сайын 20 тонна бал жинайды.

 

Нажеджа КОЗЫРЕВА, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
- Тұрғындар бұл мерекені тағатсыздана күтеді. Әр омарташының тұрақты тұтынушылары бар. Оның үстіне балдың бағасы әдеттегіден арзан. Табиғи таза өнім қашан да сұранысқа ие.

 

Сурет: plus7-db.com