Ретро би алаңы ашылды

Ретро би алаңы ашылды

Петропавлда ретро-би алаңы ашылды. Енді қала қариялары кешқұрым осында жиналып, жастық шақтарын еске алады. Жергілікті өнер ұжымдары олар үшін өткен ғасырдың 80 – 90 – ыншы жылдардың «хит» әндерін шырқайды.

 

Би алаңы адамдардың сүйікті орнына айналды. Адамдар таза ауада өз замандарының әндерін тыңдап, би билейді. Би алаңы бейсенбі, жұма, сенбі жұмыс істейді. Көпшіліктің сұранысы бойынша әр күні әр түрлі әндер шырқалады. Ұйымдастырушылар репертурады жаңалап, жастарды да тартуды жоспарлап отыр. Аспан астында, салқын самалда би билеуге 300 - дей зейнеткер жиналады. Сауық - сайран құрып кешкі ондарда үйлеріне тарайды.

 

Әлия БЕЙСЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Сағат 7 - ден сағат 10 – ға дейін осы жерде сүйікті музыкалалық композияциялары, әндер айтылады. Біздің қалада жалғыз тұратын қарт адамдар да бар. Сол кісілер жалғыздықты танымай, бір – бірімен танысып, көңілін көтеріп жүру үшін.

 

Сурет: www.24.kz