"100 нақты қадам" жоспары аясында сот жүйесін жетілдіру

Шығыс Қазақстан облыстық сотында медиаторлардың қатысумен қаралатын сот істерінің саны күннен күнге артып келеді. Осы жылы соңғы 7 айында  аймақта 2 мыңға жуық іс  медиаторлардың араласуымен шешіліпті. 

 

Дидар БӘДИҒҰЛОВ, ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУШЫ:

- Мен шағымданушыдан 600 мың теңге қарызды сенімхат арқылы алып едім. Бірақ мерзімінде қайтара алмадым. Енді міне, медиаторлардың көмегімен дауымыз шешілді. Мен қарыз орнына көлігімді беретін болдым.

 

Ал облыстағы сот залдары толықтай дерлік дыбыстық-бейне жазба таспаларымен  жабдықталған. Бұл біріншіден, судьяның жұмысын жеңілдетсе, екіншіден, жауапкершілігін арттырады. Яғни судьялардың, прокурорлардың  кәсіби қателігін  таспа қалт жібермейді.

 

Ераман ӨТЕШОВ, СУДЬЯ:

- Жасыратыны жоқ, кейде шағымданушы немесе айыпталушы тараптар сот барысына судья сөзіне күмәнмен қарап жатады. Сол кезде бейне және дыбыстық жазбаға жүгінеміз. Бұл көптеген жайттардың бетін ашып береді.

 

Ұлт жоспарында судьяларға қойылатын талап күшейтілетіні нақты айтылған. Мәселен, енді судьялыққа үміткер азамат сот саласында 5 жыл қызмет жасауы қажет.

 

Досжан ӘМІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қоғамда заңның үстемдік етуін судьялар қамтамасыз етеді. Ал соттың беделі жекелеген судьялардың беделіне  тұрады.Сондықтан әрбір істе судья білімді білікті болып істі уақтылы шешсе, онда соттың беделі  көтеріледі, соттың беделімен мемлекет беделі тығыз байланысты.Сондықтан судьяларға қойылатын талаптардың өсуін біз құптаймыз.

 

 

Сурет: azh.kz