Ұлыбритания ғалымдары ескерткіштеріміз жайлы кітап жазбақ

Ұлыбритания ғалымдары ескерткіштеріміз жайлы кітап жазбақ

Оксфорд университетінің ғалымдары  Қазақстан аумағындағы ұлттық ескерткіштер жайлы кітап шығармақ. Олар өздерінің жұмыстарын Ақмола облысындағы  балбал тастарды зерттеуден бастады. 2 жылдан кейін бұл ескерткіштердің барлығы арнайы жинаққа енгізіледі.  Шетелдік мамандар еліміздегі ескерткіштердің шығу тегін ғана емес оларды ары қарай сақтап қалу тәсілдерін ойластырмақ. Осы жұмысқа  халықаралық деңгейдегі зерттеу жұмысы атағын беру көзделген. 

 

Трой СТЭРНБЕРГ, ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Біздің зерттеу тәсілдеріміз қазақстандық ғалымдардікінен ерекшеленеді. Біз осы ескерткіштердің қоршаған ортасын зерттейміз. Бұрында қазақ халқының өзендер бойындағы  орналасу тәртібін білгіміз келеді. Оны болашақта алғашқы күйінде сақтап қалу тәсілдерін анықтаймыз.