Қайырымдылық аукционы

Қайырымдылық аукционы

Нью-Йоркте аутизмге шалдыққан балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық аукционы басталды. Бұл шараны еліміздің Нью-Йорктегі бас елшілігі қолдауымен  «Қазақстан-американ Альянсы» және «Альфа консалтинг групп» ұйымдастырды. Осылайша, Манхэттен орталығына меценаттар қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, қаржылық және коммерциялық құрылым өкілдері бас қосты. Ал саудаға жас суретшілердің туындылары, зергерлік және қолөнер бұйымдары және түрлі әшекейлер шығарылды. Жиналған қаржы ауыр дертке шалдыққан балаларды қолдауға жұмсалмақ. Айта кетерлігі, аукционға еліміздегі "Ашық Әлем" қоғамдық қорының бір топ өкілі арнайы барған. Бұл қор психоэмоционалдық ауытқуға ұшыраған балаларды қолдау мақсатында түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді.

 

Әлия АРХАРОВА, "АШЫҚ ӘЛЕМ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан бүгінгі шара аутизмге шалдыққа балаларды қолдауға арналған. Осы шараға мұрындық болған еліміздің Нью-Йорктегі бас елшілігі,  «Қазақстан-американ Альянсы» және «Альфа консалтинг групп»-қа алғысымыз шексіз. Өте тамаша бастама. 

 

Диляра СҰЛТАНАЛИЕВА, "АШЫҚ ӘЛЕМ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Арамызда қанша мыңдаған шақырым бар, мұхит бар. Соған қарамастан, біздің ерекше балаларымыздың мәселелерін дұрыс түсініп, қолдау көрсетіп жатқан америкадағы отандастарымызға алғысымыз шексіз.

 

Сурет: khabar.kz