12 тамыз – халықаралық Каспий күні

12 тамыз – халықаралық Каспий күні

12 тамыз – халықаралық Каспий күні. Қазақстан, Иран, Түркменстан, Ресей, Әзербайжан елдерінің жағалауын шайып жатқан теңіздің экономика үшін ғана емес, халықтың өмірінде алар орны ерекше.

 

Өмірін өлеңмен өрген Анардың шығармашылығы Каспиймен астасып жатыр. Талай жырын осы жағалауда отырып жазды.

 

Ал, Сергейді су астындағы әлем өзіне баурап,  дайвинг спортына бет бұрды.

 

Сергей ОСЬКИН, ДАЙВЕР:
- Каспий жағасында өмір сүре тұра оның су асты әлеміне қызықпау мүмкін емес. Күніне 20 метрге дейін тереңдікке бойлап, су астында 40 минуттай жүземін. Теңіз астындағы өсімдіктер мен балықтарды тамашалап үлкен әсер аламын.

 

Әлемдегі ең тұйық көл – Қазақстанның жалғыз теңіз қақпасы. Теңіз түбіндегі тіршілік иесін көбейту мақсатында екі жыл бұрын  9 су асты  рифі орнатылған. Әрқайсысының өз мағынасы бар. Мәселен, «50» дегені – Ақтау қаласының 50 жылдығына арналса, «пирамида» Астананың құрметіне қойылған. Шаңырақ пен киіз үйді де кездестіруге болады. Жасанды рифтер су асты спортын дамытуға да оң ықпалын тигізе алады. 

 

Орынбасар ТОҚЖАНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Егер дайвинг парк құрылатын болса, мұндай жағдайда Ақтау қаласында туризмді, су асты туризмін дамытуға мүмкіндік турады. Бұл деген жүздеген, мыңдаған адамдарды Ақтауға тарту, бұл деген сөз бірнеге ондаған жұмыс орнын құру деген сөз. Сонымен қатар, су асты спортын дамытуға болады және жергілікті халық үшін балық аулауға жағдай туады.

 

Каспий күнін шекаралас жатқан мемлекеттер 2007 жылдан бері атап өтеді. 

 

Сурет: www.on.kz