«ЭКСПО -2015»-те Қазақстан павильоны көш бастады

«ЭКСПО -2015»-те Қазақстан павильоны көш бастады

Миланда "Экспо-2015" көрмесіне қатысып жатқан Қазақстан павильоны 53 елдің ішінен озып, көш бастады. Жағымды жаңалықты сауалнама жүргізген Италияның танымал Reppublica газеті жариялады. Халықаралық көрме ашылғалы біздің елге жеті мыңнан астам адам дауыс беріп, Қазақстан павильоны бірінші орынға шыққан. Үздік үштікті Колумбия мен Эквадор мемлекеттері түйіндеді. Шартараптан ағылған шетелдіктер Қазақстан павильоны бірегейлігімен ерекшеленетінін жеткізген. Миландағы ЭКСПО көрмесінің үздік павильонын анықтауға арналған дауыс беру шарасы 2015 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады.

 

Сурет: russian.china.org.cn