Жергілікті шаруалар жаңа технологияны меңгеруде

Жергілікті шаруалар жаңа технологияны меңгеруде

Жылдар бойы күріштен несібелерін тауып келген сырбойылықтар жаңа технологияларды меңгере бастады. Диқандар тек күріш қана емес, қауын-қарбыз, қызанақ өсіруді қолға алған. Лазерлі әдіс, тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсілдерін қолдану арқасында өнім көлемі артқан. Мұның тиімділігін былтырдан бері тәжірибелік жобаны енгізуді қолға алған Қазақстандағы Біріккен Ұлттар ұйымы даму бағдарламасының мамандары да растап отыр.

 

Малика ҚОЯНБАЕВА, БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
- Қолданысқа енгізілген технологияларды қазақстандық ғалымдар ойлап тапты. Біз оны аймақтарға енгізуге қолдау жасаудамыз. Әрбір диханға қолжетімді болуы үшін технологиялардың қымбат болмауына назар аудардық.

 

Қызылордадағы Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ойлап тапқан су есептегіш шетелдік баламаларға қарағанда әлдеқайда арзан.

 

Жанұзақ БАЙМАНОВ, Ы. ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҒЗИ БІЛІМ ТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Қазіргі жағдайда сушылардың қолында ондай автматты реттеуіш жоқ. Осы автоматты қондырғы қондыру арқылы су режимін толық сақтап, қанша су кетіп жатыр, қай мезгілде, 24 сағат бойы күріш атыздарына кетіп жатқан суды қадағалап отыру керек болады.

 

Бұл күріштен жақсы өнім алуға және шаруалардың суды үнемдеуіне мүмкіндік береді. Яғни, фермер су ақысын пайдаланғанына қарай төлейді. 

 

Немат РҮСТЕМОВ, КҮРІШ ЕГУШІ:
- Ерте көктемде қолданамыз деп осы жаңағы су реттегіш құралдарын пайдаланамыз деп едік үлгере алмай қалдық. Өте қажетті дүние, су үнемдеуге, еңбеккерлердің қол күшін азайтуға.

 

Еліміздегі Біріккен Ұлттар ұйымы даму бағдарламасы ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесіп Балқаш жағалауын игеруді қолға алды. Сонымен қатар, ұлттық парктердің биоалуандылығын сақтау жобаларын жүзеге асыруда. 

 

Сурет: www.gtop-tech.com