Төрт облыста жекеменшік түрме салынады

Төрт облыста жекеменшік түрме салынады

Мемлекеттік және жекеменшік серіктестік аясында салынатын түрмелерді басқару құзыреті толығымен мемлекеттің еншісінде болады. Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі комитеті штаб басқармасының бастығы Қайрат Мұрзашев мәлімдеді. Оның айтуынша «түрмелер жеке меншіктің қол астында болады» деген қате пікір. Кәсіпкерлер түрмені өз қаражатына салып, оның өндірістік аумағын ғана пайдаланады. Ал түрменің әкімшілік басқаруы толықтай ІІМ-нің құзыретіне болмақ. Түзеу мекемесінің құрылысы аяқталғаннан кейін мемлекет 30 жыл ішінде кәсіпкердің құрылысқа кеткен қаражатын өтеп, мерзімі аяқталғанда толықтай мемлекеттің меншігіне өтеді.

 

Қайрат МҰРЗАШЕВ, ҚР ІІМ ҚАЖ КОМИТЕТІ ШТАБ-БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- Жеке кәсіпкер түрмені басқарады деген сөз - қателік. Негізі түрменің олар тек қана құрылыс жұмыстарын өткізеді. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық жазаларды орындау рәсімдері, сотталғандарыды қамтамасыз ету ол мемлекеттің мойынында болады.

 

Сурет: npravo.org