Отандық ғалымдар қазақ тілін автоматты түрде тану технологиясын әзірледі

Отандық ғалымдар қазақ тілін автоматты түрде тану технологиясын әзірледі

Қазақ тілін жаһандық цифрлық әлемге енгізу. Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты қазақ тілін автоматты түрде тану жобасын іске қосты. Бұл зерттемені қолдану  сөзді виртуалды көмекшілер арқылы тану және «ақылды үй» сынды түрлі бағдарламалар мен  технологияларында қолдану секілді жаңа мүмкіндіктер береді. Жобаны жүзеге асыру үшін ғалымдар екі мыңнан астам адамнан қазақ тіліндегі ең үлкен дауыстық деректердің 300 сағаттық жазбасын жинады.

«Бұрын үлкен деректер жиынтығының жеткілікті болмауы қазақ тілінің цифрлық әлемде шектейтін, сондықтан біз осы жобаны жүзеге асырдық. Енді біз экономика мен қоғам дамуына пайдалы болсын деген ниетпен қазақ тіліндегі дауыстық деректер жиынтығын ашық бастапқы кодымен бірге барлық зерттеушілер және кәсіпкерлермен бөлісуге дайынбыз», – деді Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты директоры, профессор Атакан Варол.

Жаңа технологияны ерекше қажеттіліктері бар адамдар кеңінен қолданатын дауыстық және мәтіндік бағдарламаларда пайдалануға болады. Жобаның іске қосылуы Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының құрылғанына бір жыл толуына орайластырылды.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов

Фото: assembly.kz


×