Нұр-Сұлтанда Орталық Азия елдерінің жас өнертапқыштарын қолдау бағдарламасы іске қосылды

Нұр-Сұлтанда Орталық Азия елдерінің жас өнертапқыштарын қолдау бағдарламасы іске қосылды

Орталық Азия елдерінің жас өнертапқыштарын қолдау бағдарламасы елордада алғаш рет басталды. Аймақтағы техникалық бизнесті дамытуға бағытталған бірегей жобаның ұйымдастырушылары Назарбаев Университетінің NURIS инновациялық кластерімен әріптестікте Кремний алқабының ең ірі акселераторы Founder Institute болып отыр.

«Егер сіз идея сатысында болып, неден бастау керек екенін білмесеңіз,  Nur-Sultan Virtual 2020 Founder Institute онлайн бағдарламасы 3,5 айда сізге халықаралық нарықта жұмыс істеуге дайын болуға көмектеседі, сонымен қатар өзіңіздің жеке дамуыңыз үшін үлкен тәжірибе ала аласыз. Бұл бағдарлама технологиялық бизнес құрғысы келетін өршіл бастаушы кәсіпкерлер үшін өте қолайлы, оның ішінде тұрақты жұмысы бар адамдар да бар», - дейді Founder Institute акселераторы өкілдерінің бірі, NURIS бизнес-инкубаторының басшысы Анарбек Өтеғұлов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, онлайн-бағдарлама арқылы қатысушылар өнімдер жасауға және оны дамытуға инвестиция тарта алады. Сонымен қатар құрылымдалған процесі арқылы бизнесте жылдам прогреске қол жеткізуге көмектеседі. Айта кетейік, бұған дейін осындай бағдарлама түлектері 950 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция тартуға болады. Сондай-ақ, бғдарламаға қатысушылар Қазақстан, Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Азияның 40-тан астам технологиялық кәсіпкерлерінен менторлық қолдау және кері байланыс, сондай-ақ бизнес-іскерлер мен венчурлік қорлардан инвестициялар алу үшін пост-бағдарламалар пакетіне тегін қол жеткізе алады.

«Бағдарламадан кейін біздің түлектеріміз Founder Institute Штаб-пәтерінен тегін сараптамалық қолдау алып, Founder Institute Ғаламдық желісіндегі стартаптардың негізін қалаушылар, басшылар мен инвесторлар арасында өздерінің нетворктарын кеңейте алады. Желіге әлемнің 200 - ден астам қалаларынан 4300+ түлек және 14000+ менторлар кіреді», - деп толықтырды Анарбек Өтеғұлов.

Айта кетейік, бағдарламаны іске қосу аясында жақында ниет білдірген кәсіпкерлер үшін бірқатар тегін онлайн-іс-шаралар ұйымдастырылады, бұл инвестор тұрғысынан жобаның әлсіз жақтарын анықтауға да, инвестиция салуға өтініш беруге дайындыққа да мүмкіндік береді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: inbusiness.kz